27 сәуір мен 2 мамыр аралығында Болгарияның Варна қаласында 41-ші Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 22 елден келген 130-дан астам оқушы қатысты. Қазақстаннан алты білімгер бақ сынап, оның ішінде Қостанайдағы БИЛ-дың 11-сынып оқушысы Жан Даутов және Тараздағы БИЛ-дың 10-сынып оқушысы Марғұлан Шарел болды.
Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болып, өте жоғары нәтиже көрсетті. Жан Даутов алтын медаль иеленді, ал Марғұлан Шарел күміс медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, осы олимпиада кезінде Өскемен қаласындағы БИЛ-дың математика мұғаліміміз Тынышбек Ануарбековтың ойлап шығарған есебі олимпиада тапсырмасы ретінде қолданылғанын қуана хабарлаймыз.
“Білім-Инновация” қоры атынан оқушыларымызды, ата-аналарын және мұғалімдерін жоғары білім көрсеткендері үшін құттықтай отырып, оларға зор табыс тілейміз. Сонымен қатар, бұл білімгерлер ағымдағы жылдың 11-24 шілдесі аралығында Ұлыбританияның Бат қаласында өтетін Халықаралық математикалық олимпиадаға да қатысады деп күтілуде.