2024 жылдың 11-17 мамыры аралығында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) сарапшылар тобы халықаралық институционалдық аккредиттеудің соңғы кезеңін өткізу үшін Астана қаласындағы “Nurorda” мектеп-лицейіне келіп отыр. Аккредиттеу үрдісі 2020 жылы мектептің CIS-тың негізгі стандарттарына сәйкестігін растай отырып, алғаш рет “CIS мүшесі” мәртебесін алған кезде басталды. 2021 жылдың қараша айында мектеп аккредиттеу үрдісінің кезекті кезеңі болған “дайындық бағалауынан” сәтті өтіп, “аккредиттелуге үміткер” мәртебесін алды.
Осы сапар барысында сарапшылар тобы мектепті негізгі өлшемдер бойынша бағалайды: мектептің басшылық қағидалары (миссиясы, мұраты, т.б.), мектептің мәдени контексті, сондай-ақ оқушылардың оқу мақсаттары мен нәтижелері.
Сарапшылар тобының басты міндеттері төмендегіше:
- Мектептің екі жыл бойы жасаған өзін-өзі бағалау мен мектептің басшылық қағидалары аясында сыртқы бағалау жүргізу.
- Мектептің CIS стандарттарына сәйкестігін бағалау және CIS ұйымына аккредиттеу туралы ұсыныс жасау.
Сапар соңында CIS сарапшылары CIS-ке берілетін және CIS ішіндегі басқару құрылымдары мұқият зерттейтін аккредиттеуге қатысты өзінің ұсыныс жасайды. Бірнеше айдан кейін CIS мектепке өзінің шешімін хабарлап, бағалау нәтижелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат береді. Беретін мәлімет ішінде өзін-өзі зерттеу туралы есеп пен алдағы қадамдар үшін қажетті қосымша нұсқауларды қамтиды.