31 мамыр мен 2 маусым аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен “Western Edge” чемпионатында “FLL Challenge” санаты бойынша робототехника жарысы болды. Бұл іс-шараға қор мектептерінен Қазақстан атынан екі команда қатысты: Астанадан “Spectrum” халықаралық мектебінің және Шымкенттен қыздарға арналған БИЛ мектебінің оқушылары.
“Spectrum” мектебінің командасы роботтар жарысында 495 ұпай жинап, үздік 13 команданың қатарына енді. Олардың инновациялық жобасы “өнердегі инновациялар” маусымдық тақырыбы аясында фото және бейнетүсірілімге үйретуге бағытталған.
Шымкенттен келген БИЛ командасы “7 Qyrly” платформасын таныстырды, бұл жоба қатысушыларға ұлттық қазақ музыкалық аспаптарында ойнауды, ұлттық қазақ тағамдарын дайындауды және халықтық қолөнер шығармашылығына үйренуді ұсынады.
Командаларды тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және келесі жарыстарда сәттілік тілейміз!