“Білім-Инновация” қоры Президентінің беделді әлемдік жоғары оқу орындарына түскен оқушылармен кездесуі

«Білім-Инновация» қорының президенті Дархан Өте қорға қарасты мектептердің Гонконг, Вермонт және Калифорния университеттері сияқты беделді халықаралық университеттерге толық грантпен қабылданған үздік оқушылармен кездесті. Сонымен қатар, осы кездесуге LaunchX, Harvard University және Harvard Ventures-TECH сияқты жазғы зерттеу бағдарламаларына шақырту алған оқушылар да қатысты. Бұл оқушылар деректермен жұмыс жасау, нейроғылым, құқықтану және инженерия сияқты бағыттар бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

Дархан мырза осы оқушылардың қорға қарасты мектептерінің, сондай-ақ жалпы елде білім беру стандарттарын жоғарылатуға қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, мектептерде әлі білім алып жатқан кіші жастағы оқушылар үшін зор үлгі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Дархан мырза оқушылардың болашақта өз салаларында айтарлықтай үлес қосуға қабілетті екеніне сенім білдіріп, іс-шараның соңында оларға қордан атынан естелік сыйлықтарды табыс етті.