Алтын олжалаған оқушылар

Жаратылыстану — математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиададан шәкірттеріміз толағай жетістікпен оралды.

Ел бойынша ақтық мәреге жеткен 1000- ға жуық қатысушы ішінен біздің озат оқушыларымыз қоржынымызға 232 медаль салып отыр. 
Алтыннан алқа таққан шәкірттеріміз:
Биология пәні бойынша — 12 алтын 
Физика пәні бойынша — 6 алтын 
Химия пәні бойынша — 7 алтын 
Математика пәні бойынша — 5 алтын 
Информатика пәні бойынша — 8 алтын 
География пәні бойынша — 4 алтынды еншіледі 🥇

Білім бәйгесінде арғымақтай жүйткіген зерек оқушыларымызды, ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!