Ақыл — ойға кемел, білімге жетік ұрпақ жетілдіру ортақ мүдде. 

«БІЛІМ — ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ұйымдастыруымен Алматы облысының мектептеріне «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу жобасымен таныстыру мақсатында ауқымды жиын өтті.

Келелі кездесу барысында меймандарға Қор мамандары әзірлеген кітаптар желісі таныстырылды. Сондай-ақ, күні бүгінге дейін атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалып, негізгі жобалар туралы және ғылыми зерттеудің нәтижелері мен әдістемелік нұсқаулық жөнінде баяндалды. 

Отандық білім саласында жүзеге асып жатқан елеулі жұмыстар жайында «Қазақстан Халқына» Қорының төрағасы Болат Бидахметұлы оң бағасын бере келе, ілкімді істерді ілгерлетуде бірлесе жұмыс істеуге шақырды.