Қазақстандық дарынды оқушылар физикадан 24-ші Азия олимпиадасында жетістікке жетті

2024 жылдың 3-10 маусымында Малайзияның Перак өңірінде орналасқан Тунку Абдул Рахман университетінің (UTAR) Кампар кампусында 24-ші физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтті. Бұл олимпиада 2000 жылы Индонезияда Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) негізінде құрылған және физикаға құштар оқушыларға арналған аймақтық дода ретінде қызмет етеді. Жарыс екі бөлімнен тұрады: бес сағаттық теориялық сынақ пен бес сағаттық зертханалық эксперимент.