Бүгін «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ International School of Medicine, Zhejiang University делегация келді. Аталмыш білім ордасы Қытайда рейтингі бойынша 3 орында тұр. Делегацияны Чжэцзян университетінің Халықаралық медицина мектебінің президенті Dr. Wang Kai және вице-президенті профессор Zheng Yichun бастап келді.
Қос тарап кездесу барысында екі жақты академиялық бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум аясында оқу гранттары, университет базасында оқушыларға арналған жазғы уақытта тағылымдамадан өту және ғылыми зерттеу жұмысын істеуге мүмкіндіктері ұсынылды.
International School of Medicine, Zhejiang University «Білім-инновация» лицейлерінің түлектеріне оқу гранттарын бөлу қарастырылған.
Беделді жоғары оқу орнымен бекітілген мәмілелі меморандум ілкімді істердің бастауы.


