Ғылыми қауымдастықтың үн қосуы «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік ықпалы мен маңызы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет басшысы күні кеше Қазақстан Халқына Жолдауында: «Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру, сапалы тәрбие беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, Ұлттық бірегейлігімізді нығайту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жаңа құндылықтар жүйесін орнықтыру және жас ұрпақтың бойына сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керектігін» ,- атап өтті.
 

Осы орайда аталмыш халықаралық шара Президенттің тапсырмасына сай ұрпақ тәрбиесі мен білімін жетілдіру бағытында бірқатар ілкімді зерттеулер талқыланды.
Дөңгелек үстелге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, ҚР Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай, Ұлыбритания елінің Бирмингем университетінің профессоры, әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшы Том Харрисон мырза арнайы қатысты.
  

Сонымен қатар, Сингапур елінен Ұлттық білім институтындағы “Құндылықтарға негізделген білім” орталығының директоры, профессор Лиао Шао Цзюнь және Сингапур білім министрлігінің тәрбие комитетінің төрайымы профессор Жасмин Сейнг арнайы келіп, пікір бөлісті. Елдің алдыңғы қатарлы ЖОО басшылары мен ғалымдар да орамды ой айтты.
 

Тұшымды пікірлер алаңына айналған мән-мағынасы ауқымды шара – әрбір ұлттың келешегі – оның тәрбиелі ұрпағында деген ұғымға саяды.