Үміт жұлдызы – “Дарын” орталығының марапаты

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін «Үміт жұлдызы» номинациясымен марапатталды.

Бұл — еліміздегі дарынды оқушыларды қолдау, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау және білім беру реформаларына үлес қосу жолындағы еңбегімізге берілген зор баға.

Біз осы жоғары марапат үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығына шын жүректен алғыс айтамыз!

«Дарын» еліміздегі мыңдаған жас өреннің ғылым мен білімге деген құштарлығын оятып, олардың әлеуетін ашуға атсалысып келе жатқан маңызды орталық. Дарынды оқушыларымыздың жетістігі — Қазақстанның болашағының жарқын кепілі.

Біз бірге талай биікті бағындырамыз!