“Білім-Инновация” қоры Президентінің беделді әлемдік жоғары оқу орындарына түскен оқушылармен кездесуі

«Білім-Инновация» қорының президенті Дархан Өте қорға қарасты мектептердің Гонконг, Вермонт және Калифорния университеттері сияқты беделді халықаралық университеттерге толық грантпен қабылданған үздік оқушылармен кездесті. Сонымен қатар, осы кездесуге LaunchX, Harvard University және Harvard Ventures-TECH сияқты жазғы зерттеу бағдарламаларына шақырту алған оқушылар да қатысты. Бұл оқушылар деректермен жұмыс жасау, нейроғылым, құқықтану және инженерия сияқты бағыттар бойынша білім […]

Қазақстан командасы Авиценна атындағы бірінші халықаралық биология олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді

Ағымдағы жылдың 9-14 маусымы аралығында Қазақстанның ұлттық командасы Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында өткізілген Авиценна атындағы биологиядан бірінші халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада екі турдан тұрып, онда 18 елден 100-ден астам оқушы бақ сынады. Аталмыш додаға биология пәні бойынша олимпиадалық резервтен шақырылған сегіз оқушы қатысты. Соның ішінде алты оқушы “Білім-Инновация” қорына қарасты мекемелерде білім алуда. Сайыс нәтиже […]

Қазақстандық дарынды оқушылар физикадан 24-ші Азия олимпиадасында жетістікке жетті

2024 жылдың 3-10 маусымында Малайзияның Перак өңірінде орналасқан Тунку Абдул Рахман университетінің (UTAR) Кампар кампусында 24-ші физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтті. Бұл олимпиада 2000 жылы Индонезияда Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) негізінде құрылған және физикаға құштар оқушыларға арналған аймақтық дода ретінде қызмет етеді. Жарыс екі бөлімнен тұрады: бес сағаттық теориялық сынақ пен бес сағаттық зертханалық эксперимент. […]

Оқушыларымыздың Калифорниядағы Western Edge робототехника чемпионатындағы жетістігі

31 мамыр мен 2 маусым аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен “Western Edge” чемпионатында “FLL Challenge” санаты бойынша робототехника жарысы болды. Бұл іс-шараға қор мектептерінен Қазақстан атынан екі команда қатысты: Астанадан “Spectrum” халықаралық мектебінің және Шымкенттен қыздарға арналған БИЛ мектебінің оқушылары. “Spectrum” мектебінің командасы роботтар жарысында 495 ұпай жинап, үздік 13 команданың қатарына енді. […]

Республикалық “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңі Астанада өтті

21-22 мамыр күндері Астана қаласында биыл 12-ші рет өткізіліп келе жатқан республикалық “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының соңғы кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық деңгейіне биыл 5,000-ға жуық оқушы қатысып, солардың ішінен 200 оқушы жеңімпаз атанып, қорытынды кезеңге жолдама алды. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен,  «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Дарын» РҒПО мұрындық болуымен өткізіліп […]

Астанада биылғы КТЛ ойындарының финалы өтті

18 мамыр күні Астана қаласында “Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен “Көңілді тапқырлар лигасы” (КТЛ) ойындарының финалы өтті. Ол жыл сайын алдымен өңірлерде аймақтық форматта, содан кейін республикалық деңгейде өткізіледі. Финалға әр аймақтық додада жеңіске жеткен, сондай-ақ “Білім-Инновация” қоры президентінің кубогының жеңімпазын қоса алғанда, барлығы 6 команда қатысты. Олар: Бұл командаларды қолдау үшін еліміздің әр түкпірінен оқушылар, ұстаздар […]

Кәсіптік бағдар беру саласының беделді марапаты қор өкіліне табысталды

“Білім-Инновация” қорының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Азамат Төлепбергенов 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша Жоғары оқу орындарын түсу бойынша мамандардың халықаралық ассоциациясы (International Association for College Admission Counseling) беретін беделді “Spring GEM Award 2024” марапатына лайық болды. Бұл марапат өз кәсібіне, әріптестеріне және шәкірттеріне деген адалдығын, сондай-ақ үздік тәжірибе, ізгі ниет, шығармашылық және этикалық әрекеттерді […]

Астаналық “Nurorda” мектеп-лицейі  CIS халықаралық аккредиттеудің қорытынды кезеңінен өтіп жатыр

2024 жылдың 11-17 мамыры аралығында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) сарапшылар тобы халықаралық институционалдық аккредиттеудің соңғы кезеңін өткізу үшін Астана қаласындағы “Nurorda” мектеп-лицейіне келіп отыр. Аккредиттеу үрдісі 2020 жылы мектептің  CIS-тың негізгі стандарттарына сәйкестігін растай отырып, алғаш рет “CIS мүшесі” мәртебесін алған кезде басталды. 2021 жылдың қараша айында мектеп аккредиттеу үрдісінің кезекті кезеңі болған “дайындық бағалауынан” […]

2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда ашылатын жаңа NURORDA Almaty мектеп-лицейінің тұсаукесері

NURORDA мектеп-лицейінің жаңа филиалы — NURORDA Almaty, 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда ашылады. Мектептің ресми тұсаукесері 2022 жылдың 11 мамырында Rixos қонақ үйінде өтті. Бұл шара барысында алматылық оқушылар, ата-аналар және қоғам мүшелері елордада 2007 жылдан бастап жұмыс істеп жатқан Nurorda мектебінің білім беру бағдарламалары мен құндылықтарымен жақын танысуға мүмкіндік алды.  Ашылу қарсаңында NURORDA Almaty жаңа […]

Астанада “Q Talks – 2024” конференциясы өтті

4 мамыр күні “Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен “Құндылықтарға негізделген білім беру” жобасы шеңберінде Астана қаласында еліміздің әр түкпірінен жиналған ұстаздар, ата-аналар және оқушылардың қатысуымен жыл сайынғы “Q Talks” (Qundylyq Talks) конференциясы өтті. Бұл шара мектептер арасындағы оқу-тәрбие жұмысына қатысты тәжірибе алмасудың жаңа форматы ретінде қабылданады. Конференцияға дейінгі уақытта “Құндылықтар – білім мен тәрбиенің алтын көпірі” атты […]