“Білім-Инновация”
қорымыз жайлы

Жарқын болашақ үшін сапалы білім мен саналы тәрбие!

Құрметті веб парақша қонақтары!

Дархан Ермаханұлы Өте
“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ президенті

Елдің бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ал, білім берудің мақсаты бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, оларды жан-жақты, эмоционалды интеллектті, адами құндылықтарды дарыту арқылы рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу ол біздің басты – міндетіміз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры құрылып, “Білім-инновация” лицейлерінің үйлестірушісі ретінде табысты қызмет атқаруда.

Сайтымыз арқылы Қорымыздың және “Білім-инновация” лицейлерінің жаңалықтарымен, жетістіктерімен, өтіп жатқан іс-шаралармен танысып отырасыздар деген ойдамыз.

Дархан Ермаханұлы Өте
“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ президенті

ҰРАН

Сапалы білім, саналы тәрбие

ҰРАН

Сапалы білім, саналы тәрбие

Қор миссиясы

Білім мен тәрбие саласында отандық және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау арқылы еліміздің адами капиталының дамуына үлес қосу.

Президент

Өте Дархан Ермаханұлы

Өте Дархан Ермаханұлы - 2001 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "тарих пәні мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы аталмыш университеттің тарих магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде (бұдан әрі - БИЛ) тарих мұғалімі ретінде бастады. 2005-2014 жылдары Семей, Өскемен, Қызылорда қалаларында "Білім-инновация" лицейлерінде директор қызметін атқарды. 2014 жылы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының (бұрын "KATEV" қоры) вице-президенті лауазымына тағайындалды, ал 2015 жылдан бастап Қордың президенті қызметінде.

Дархан Өте Қордың президенті лауазымында жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы

Бірінші вице-президент

Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы 2004 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін "екі шет тілі: ағылшын тілі" мамандығы бойынша білім алаған. 2017 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Педагогика-психология" мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде (бұдан әрі - БИЛ) ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. 2006 жылы аталмыш лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. 2008-2019 жылдары Қостанай, Астана, Петропавл қалаларындағы “Білім-инновация” лицейінде, сондай-ақ Астана қаласында "NURORDA" мектеп-лицейінің директоры болып жұмыс істеді. 2019-2023 жылдары "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Қордың бірінші вице-президенті болып тағайындалды.

Бірінші вице-президент лауазымында Е. Әубәкіров Қор қызметінің негізгі бағыттарына жетекшілік етеді, сондай-ақ кейде Қор президенті болмаған кезде оның міндеттері атқарады.

Оқу-әдістемелік істер жөніндегі вице-президент

Қуат Бағдатұлы Қожахметов

Қуат Бағдатұлы Қожахметов Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетін 2007 жылы "Математика" мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Сүлейман Демирель атындағы университетте "математика" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Қуат Бағдатұлы еңбек жолын 2007 жылы Орал қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде (бұдан әрі - БИЛ) математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 2010-2013 жылдары Алматы қаласында БИЛ-де математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2013 жылы Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейіне жұмысқа ауысып, 2013 жылдан бастап мұғалім, ал 2015 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, 2010 жылдан 2015 жылға дейін "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің басшысы қызметін атқарды. 2019 жылы "NURORDA" мектеп-лицейінің директоры болып тағайындалды. 2020-2022 жылдары Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің директоры болып жұмыс істеді. 2022 жылдың тамыз айынан бастап "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президент лауазымында Қ. Қожахметов “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ оқу және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.

Қаржы және заң мәселелері жөніндегі вице-президент

Новаров Акваржан Анварұлы

2014 жылы Сулейман Демирель атындағы колледжді "экономика"мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылы Нархоз университетін "Есеп және аудит" мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында "Экономика" мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 2014 жылы "Global Analitik" ЖШС экономист көмекшісі болып бастады. 2015-2018 жылдары NURORDA мектеп-лицейінде, "KATEV" ХҚҚ, "Білім Орда" ХҚҚ бухгалтер, бас бухгалтер болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ және "Білім Орда" ХҚҚ қаржы директоры болып қызымет атқарды. 2019-2020 жылдары "Asitane Unity" ЖШС Бас директоры болды. 2020 жылдан бастап "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" және "Білім Орда" ХҚҚ заң және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті лауазымында.

Заң және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президент лауазымындағы А. Новаров- қаржы-шаруашылық қызметіне және мүліктің сақталуына жауапты, сондай-ақ Қордың қызметіне қатысты заңды мәселелерге жетекшілік етеді.

Қоғамдық қатынастар жөніндегі вице-президент

Нурлаков Арофат Абдіхалықұлы

Нурлақов Арофат Абдіхалықұлы Павлодар мемлекеттік университетін 2012 жылы "Математика пәні мұғалімі” мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы Есенов университетін "Педагогика және психология" мамандығы бойынша бітірді, сонымен қатар Түркия еліндегі “Fatih” университетінде MBA бағдарламасы бойынша және Польшадағы “Vizja” университетінде психология бойынша магистратураны тәмамдады .

Еңбек жолын 2012 жылы Павлодар қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде математика мұғалімі және интернат меңгерушісі болып бастаған. 2012-2016 жылдары математика пәні мұғалімі болып жұмыс істеді және әлеуметтік жобалармен белсенді айналысты. 2016-2023 жылдары мұғалімдерді қолдау жөніндегі республикалық жобаны басқарды және "Mugalim" қоғамдық бірлестігінде басқарма төрағасы болды. 2023 жылдан бастап Қордың қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Қордың қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті лауазымындағы А. Нурлаков Қордың жұртшылықпен өзара байланыс, Қордың әлеуметтік-мәдени іс-шараларын ұйымдастыру және оған қоса «Білім инновация» лицейлерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жетекшілік етеді.

Қор тарихы

“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ) 2016 жылы білім беру саласындағы көптеген бағыттарда Қазақстан Республикасының міндеттерін іске асыру мақсатында құрылды.

Қор қызметінің негізгі мәні “Білім-инновация” лицейлері мен өзге де білім беру ұйымдарының білім беру қызметін үйлестіру, осы ұйымдардың қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асыру, орта және жоғары білім беру жүйесін дамыту мақсатында басқа да мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарымен әріптестік желісін құру.

2016 жылға дейін “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ функцияларын 1997 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы “достық пен ынтымақтастық” туралы келісім шеңберінде құрылған “KATEV” Халықаралық қоғамдық қоры атқарды.

1997 жылдан 2014 жылға дейін Қордың орталық аппараты Алматы қаласында орналасты. 2014 жылы Қор басшылығы ел астанасына көшу туралы шешім қабылдады.

Стратегиялық жоспар

Қордың стратегиялық жоспарының мақсаты – қоғамның өзгеріп отыратын сұраныстарына сәйкес сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында қолайлы оқыту ортасын қамтамасыз ету.

Жоспардың мақсаттары мен міндеттері 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру;

Кадрлық әлеуеттің сапасын арттыру;

Білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесін жетілдіру;

Тәрбие үрдісін жетілдіру;

Қазақ тілін дамыту;

Материалдық-техникалық базаны дамыту.

Стратегиялық жоспар 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі 3 жылдық кезеңге есептелген.