Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы құндылыққа негізделген білім беру тәсілі, сапалы кәсіптік бағдар беру жұмысы, сондай-ақ оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз өзара іс-қимылы негізінде ұйымдастырылған.

Құндылықтарға негізделген білім беру

Құндылықтарға негізделген білім беру – бұл барлық мектеп қоғамдастығы: оқу орнының әкімшілігі, мұғалімдер мен қызметкерлер, оқушылар, сондай-ақ ата-аналардың іс жүзінде қолдануға ұмтылатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен мұраттар негізінде бүкіл білім беру үрдісін құру.

Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік мәнмәтінін құрылымдауға, мұғалімдердің жаңа буынды тануына, сондай-ақ заманауи әдістер мен технологиялар арқылы оқу орнында жағымды атмосфера құруға ықпал етеді.

Кәсіптік бағдарлау

1-ші кезең

7-8 сыныптарда өткізілетін таныстыру кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар өздерін тануға үйренеді, сондай-ақ әртүрлі мамандықтардың негізгі ұғымдары мен анықтамаларымен танысады.

2-ші кезең

9-10 сыныптарда өткізілетін белсенді кезең. Бұл кезеңде оқушылар өздерін қызықтыратын бағыттар мен мамандықтарды таңдау арқылы анықталады, жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті білім мен дағдыларды игереді және дамытады.

3-ші кезең

11-сыныпта өткізілетін қорытынды кезең. Бұл бітіруші оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуге өтініш беретін кезең.

Бағдарлама мен тағылымдамалар

Сонымен қатар оқушылар Қордың қолдауымен шетелдік жоғары оқу орындарының жеткіншектерге бағытталған түрлі стипендиялық бағдарламалар және тағылымдамаларға қатысады.

Қауымдастық

Қауымдастығымыздың негізгі ерекшеліктерінің бірі – ол сыныптастардың, әріптестердің, оқушылар ата-аналарының, түлектердің және т.б. тығыз өзара қарым-қатынасы. Осындай ынтымақтастық эмпатия мен екі жақты эмоционалды байланыстың арқасында орнап қана қоймай, оқушылар мектепті бітіріп кеткеннен кейін де жалғасын табады.