Оқушының профилі

Құрмет

“БИЛ” оқушысы жеке адамның, ұжымның және қоғамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтейді. Кішіге қамқорлық жасайды және үлкендерге құрмет көрсетеді. Ол айналасындағыларға қамқорлық пен эмпатия жасауды біледі, қоғамның дамуына өз үлесін қосады және қоршаған ортаны қорғауға атсалысады.

Кемелдену

“БИЛ” оқушысы әрқашан жаңа білімді игеруге және заманауи дағдыларды үйренуге ашық. Көздеген мақсатқа жету үшін еңбекқорлық пен табандылық танытады. Жеке басының және қоғам игілігі үшін ұдайы дамудың қажеттілігін түсінеді және жоғары жетістікке жетуге талпынады.

Ынтымақтастық

“БИЛ” оқушысы әр түрлі пікірлерді бағалайды, құрметтейді. Өз пікірі мен көзқарасын бірнеше тілде жазбаша және ауызша да білдіре алады. Ол өз бетінше дербес жұмыс істей алады және командада тиімді жұмыс атқарады.

Адалдық

“БИЛ” оқушысы адал және әдепті, әрқашан әділеттілік, теңдік және теңдік принциптерін басшылыққа алады. Білім алудың әртүрлі кезеңдерінде академиялық адалдықты сақтайды.

Отансүйгіштік

“БИЛ” оқушысы өз Отанын жақсы көреді, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын сақтайды және құрметтейді, азаматтық ұстанымның жауапкершілігін сезеді.

Жауапкершілік

“БИЛ” оқушысы өз әрекеттері мен олардың салдары үшін жауап береді. Ол қоғамның толыққанды мүшесі екенін түсініп, өзінің қоғам алдындағы міндеттемелерін орындайды.

Оқушылардың жан-жақты дамуы

Оқушыларымыз қор ұйымдастыратын көптеген іс-шараларға қатысады. Олар әртүрлі бағыттарды қамтиды: академиялық, спорттық, шығармашылық, музыкалық және т.б. Аталмыш іс-шараларды ұйымдастырудың мақсаты – БИЛ оқушы профилінде көрсетілегн іскерлік пен дағдыларды дамытуға бейімдеу.

Оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесі

Ұйымдарымыздағы оқушылардың өзін-өзі басқаруының мәні – оқушылардың бір тобын екінші топқа басқартуға ықпал ету емес, оқушылар қоғамдағы демократиялық қатынастардың негіздерін үйреніп, өзін және ұжыммен тіл табысуға икемденеді.