Академиялық бөлім

Білім беру моделі

Білім беру моделіміздің басты бағыты – оқушы және оның эмоциялық-зияткерлік қажеттіліктері. Бұл модельдің негізі – құндылыққа бағдарланған білім беру контексінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде тереңдетіп оқыту.

Оқыту

Оқыту философиямыз білім беру саласындағы белгілі зерттеуші Роберт Марцаноның оқыту моделіне негізделген. Бұл модельді жүзеге асырудың маңызды элементі, біздің түсінігімізше, мұғалімдердің педагогикалық қызметін жақсарту үшін – үздіксіз әдістемелік коучинг.

Әдістемелік коучинг – бұл мұғалімге оның атқарып жатқан қызметін талдауға, кәсіби даму үшін алдыға мақсат қоюға, сондай-ақ заманауи оқыту тәжірибелері мен әдістерін түсінуге қолдау көрсету. Мұғалімдерге бұл қолдауды Қор ұйымдастырған тиісті оқытудан өткен тәжірибелі әріптесі көрсетеді.

Тоқсан сайынғы оқушылардың білімін тексеру сынақтары:

Бұл тест тоқсан сайын оқушылардың белгілі бір кезеңдегі меңгерген білімдері мен дағдыларының деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. Бағалау нәтижелері бірлесіп талданады және тиісті түзету шаралары қабылданады.

Teacher Capacity Index

  • Бұл мұғалімнің белгілі даму критерийлерін, сабақтарын бақылауды, т.б. қамтитын мұғалімнің кәсіби қызметін бағалау жүйесі.

Аймақтық координаторлар жүйесі:

Аймақтық координаторлар өз аймағында орналасқан білім беру ұйымдарына мақсатты қолдау көрсетіп, кеңес береді. Бұл қорға барлық ұйымдардың қызметін тиімді және жедел басқаруға мүмкіндік береді.

Олимпиадалық қозғалыс

Олимпиадалық қозғалыстың мақсаты – дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Мұғалімдер облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысатын оқушыларға педагогикалық, психологиялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ дәстүрлі түрде тәжірибелі отандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарта отырып, оқушылар үшін өңірлік және республикалық жиындар өткізіледі. Әр түрлі олимпиадаларға қатысқан оқушылар көптеген олимпиадаларда жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болды.