“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының веб парақшасына қош келдіңіз!
Білім мен тәрбие саласында отандық және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау арқылы еліміздің адами капиталының дамуына үлес қосу.
Ұстаздарымыз білім беру мен ұстаз болудың маңыздылығын жақсы түсініп, оған кәміл сенеді. Шәкірттерінің өміріне шынайы қызығушылық танытып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп қолдау көрсетеді.
Лицейлердің оқу-тәрбие жұмысына кіріктірілген және мектеп мәдениетінде және барлық қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқында көрініс табатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жиынтығы.
Оқушыларымыздың ата-аналарының бейжай қалмай, оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатысып, қолдау көрсетеді.
Пәндік олипиадаларға дайындық бойынша зор тәжірибе мен дәстүріміздің арқасында оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары жетістікткерге қол жеткізіп келеді.
Оқыту қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізілетіндіктен оқушыларға көптеген білім алу қайнар көздеріне жол ашылады.
Лицейлердегі ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас сенім негізінде орнайды. Соның арқасында оқушы өз ойы мен пікірін емін-еркін білдіріп қана қоймай, мектеп өміріне белсене араласады.